Жанболат пен Жазира - Әке мен ана
Сөздері / Текст песни: 1. Әкең мен асыл анаңның Бойында жатып жаралдың Алдыңнан тосар бақытың Алғысын алсаң солардың Қ-сы: Әкең мен анаң Әкелген адам Бәріңді мына өмірге Ажарың болып Базарын көріп Отырсың жайнап төріңде 2. Қуансаң көңілі жайланар Мұңайсаң жүдеп қайғы алар Әкеңдей адал мейірбан Анаңдай қамқор қайда бар Қ-сы: Әкең мен анаң Әкелген адам Бәріңді мына өмірге Ажарың болып Базарын көріп Отырсың жайнап төріңде 3. Ағарып атқан таң дайын Балаңның сүйіп маңдайын Көзіңнің ақ пен қарасы Жүріңдер аман әрдайым! Қ-сы: Әкең мен анаң Әкелген адам Бәріңді мына өмірге Ажарың болып Базарын көріп Отырсың жайнап төріңде Ән дария - Первый канал Казахстана http://1tv.kz