45543515_333111134133587_1207150912737378304_n

09.11.2018
09.11.2018, 19:07«Кезек Арыстанбек Мұхамедиұлында»: Ләйлә Сұлтанқызы Мәдениет министріне эстафета жолдады (ВИДЕО)Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған «Тұлпар мініп, ту алған» әдеби-танымдық шарасы аясында «Алпамыс батыр» жырынан үзінді оқып, эстафетаны ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына жолдады.«Тұлпар мініп, ту алған» ұлттық жобасын қолдау мақсатындағы «Алпамыс батыр» жырын оқу эстафетасын «Atameken business channel» телеарнасының басшысы Қанат Сахарияновтан алып, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына, әріптесім Алмас Алтайға және «91» тобына жолдаймын», – деп Ләйлә Сұлтанқызы «Алпамыс батыр» жырын төгілте оқи жөнелді. Айта кетейік, «Тұлпар мініп, ту алған» ұлттық байқауы Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының тапсырысымен жүзеге асқан жоба. Бір ай бойы өткен шараның жеңімпаздары қазан айының басында марапатталды.Ынталандыру сыйлығына Шыңғысхан Армия, Мәншүк Арыстанбек және Санат Ғизатұлы ие болды. Ал ІІІ орын мен 500 000 теңге №152 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Бекзат Шардарбекке, ІІ орын мен 1 000 000 теңге №178 лицейдің 6-сынып оқушысы Абылай Бердашевқа, І орын мен 1 500 000 теңге №180 жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы Аружан Абсатарға бұйырды.

Похожие видео