Денсаулық фестивалі - 2018 Мақтарал аграрлық колледжі 08.09.2018 ж. HD
Мақтарал аграрлық колледжінің ұжымы Атакент қалашығындағы «Алпамыс батыр» спорт кешенінде Қазақстан Республикасының денсаулық саласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын орындау, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының маңыздылығын түсіндіру, спортқа қызығушылығын арттыру, күш, жылдамдық, ептілік қасиеттерін дамыту, оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екенін ұғындыру мақсатында денсаулық күніне арналған «Белсенді өмір – жүз жастық ғұмыр!»атты денсаулық фестивалі өткізілді. Шараға Мақтарал ауданы әкімінің орынбасары Ешанкулова А., Мақтарал аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Кенжебаев С. қатысып, ұжым мүшелерін құттықтады. Колледж ұжымы шараны салтанатты түрде әнұран орындаумен ашып, денсаулық туралы қанатты сөздер, ұрандар айтып, дене шынықтыру жаттығуларын жасады.Денсаулық фестивалі аясында арқан тарту, 100 метрге жүгіру, кермеге тартылу, гір тасын көтеру сияқты спорт ойындары ұйымдастырылып, жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды.