Жұлдыз Әбдікәрімова қарт енесінің көрегендігі жайлы айтты HD

05.03.2022
Жұлдыз Әбдікәрімова қарт енесі жайлы естеліктерін айтып, қариялардың даналығын сөз етті. Қарттардың іші тұнған қазына деп мақтауын асырды. “Сезім 5 айға толғанда еме алмай, қатты жылай бастады. Қарны ашып жылайды, емізсем тағы жылайды. Не болғанын білмей басым қатып жүрген. Бір күні қарт енем "Жұлдызжан, сен осы бала көтеріп қоймадың ба?!", - дейді. Олай болуы мүмкін емес деп сенбедім. Кейін тексеріліп көрсем, ол кісінің айтқаны айдай келді. Жүкті кезде сүттің дәмі бұзылады екен ғой. Содан бала оны сезіп, ішкісі келмеген. Осы кезде қарттардың іші тұнған қазына, қамба екеніне тағы бір мәрте көзім жетті”, – деп жазды Әбдікәрімова. Жұлдыздың айтуынша, 4 баласы туғаннан бастап олардың күтіміне, өз күтіміне қарайласқан үлкен енесі екен. Келіні марқұм енесінің жақсылықтарын айтып нұрын тасытты. “Марқұм қарт енемнің бала тәрбиесінде көп көмегі тиді. Қырқынан шығару, иткөйлек тігу, бесікке салу сынды салттар мен жас ананың күтіну жолдарын үйретті. "Төрт айда сәби төңіректеп, бес айда белгілі боп, алты айда анық отырады"деп ақылын айтып отыратын. Егер әрбір жас ананың жанында осындай қариялар болса, босанғаннан кейінгі күйзеліс деген ұғым мүлде болмаушы еді деп ойлаймын. Ол кісі таң намазына оянғанда шайын берейін деп ерте тұрсам, оттың үстінде қазан қайнап жатады. Сөйтсем қарт енем менен де ерте тұрып, сәбиге құнарлы сүт барсын деп маған арнап балғын еттен сорпа қайнатып қоятын. Бар ілтипатымен баққан шөбересінің алақанына май жағып, ырымдап, оған дәм татырғанбыз”, – деп жазды Жұлдыз ханым. Әншінің жары бұл туралы өзінің авторлық кітабында жазған. Оқырмандары оған жылы ықыласын білдірді. “Қандай керемет қарым-қатынас”, “Қандай сұлу болғансыз әлі де өте әдемісіз”, “Қандай керемет, қазір де енелер ондай болмақ қайда?”, “Алуа сізге ұқсаған екен”, “Керемет, Қандай мейірімді, түсінігі мол, дана кісі болған”, “Керемет, бізге осындай апалар жетіспейді” , -деп жазды оқырмандары. СІЛТЕМЕ: https://stan.kz/aytkani-ayday-keldi-zhyldiz-abdikarimova-kart-enesinin-357874/ шоу бизнес казахстан, шоу-бизнес, жұлдыздар, qazaqstan, шоу бизнес жулдыз, жулдыздар купиялары, жулдыздар ойбай шоу, мухит сапарбаев, шоу бизнес интрига, новости шоу бизнеса, последние новости шоу бизнеса, новости шоу бизнеса сегодня, шоу бизнес, шоу бизнес жанылыктары, шоу бизнес жанылыктар, ревю, нтк, нтк ревю, хит тв шоу бизнес, астарлы акикат 2022, эстрада последние новости, жулдыздар анши новости, qalayym live, gakku, информбюро эстрада, информбюро аншилер 31

Похожие видео

Показать еще