Гүлзира Айдарбекова ескі үйінің арзанға кеткенін айтып өкінді HD
Жазылып кетіңіздер: Телеграм каналымыз: https://t.me/show_biznes_kz Инстаграм каналымыз: https://www.instagram.com/show_bizneskz/ Қайрат Нұртастың анасы, танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ерекше сұхбат берді. Сұхбат барысында бұрын айтылмаған дүниелерді айтты. Тіпті, бір кездері құдайға серік қосып, балгерге барған сенгенін мойындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. Айдарбекова қазір болмаса да, бұрын балгерлерге сенгенін айтты. Оған өмірінде болған бір жайтты мысалға келтірді. «Нұрекең елордада бизнес жасап жүргенінде біз Алматыда тұратынбыз. Бір шаңырақ астында тұрайық деп Алматыдағы үйді сатуды ойладық. Бірақ үй көп уақыт өтпей тұрды. Содан құрбымнан балгердің барын естідім. Ол үйді оқыса, тез сатылып кетеді деді. Талғар жаққа сол кісіні іздеп бардық. Балгер басқа ұлттың адамы екен. Маған қағазға орысша сөз жазып берді. Алла, маған осы үйді өтуге көмектесші деген мағынада. Мен Алладан ғана сұраймын деді. Осыны үш күн, не үш апта, не үш ай 100 рет оқу керек деді. Түйе сұрасаң, бие береді, көп ақшаға өтуін сұра деді. Мен солай оқып жүріп шынында үй бір аптаның ішінде өтіп кетті», - деді продюсер. Айтуынша, үйді арзанға сатқанына өкінген. Себебі 55 мың долларға сатқан үйі үш жылдан соң 550 мың долларға бағаланып, сүруге жіберіліпті. «Ол үй сондай берекелі еді. Неге сатпай-ақ астанада пәтер жалдап тұрмадық деп қазір өкінемін», - деді Айдарбекова. Продюсердің айтуынша, бұл кездері жолдасы елордада бизнеспен айналысқан. Ақ орданың ағашын тасыған. «Нұрекеңнің сол табысының көмегімен Қайрат та, мен де өнер жолында еңбек еттік», - деді продюсер. Сілтеме: https://sn.kz/sn-adebiet-zhane-oner/60138-55-myn-dollar-gulzira-aidarbekova-eski-uiinin-arzanga-ketkenin-aityp-okindi шоу бизнес казахстан, шоу-бизнес, жұлдыздар, qazaqstan, шоу бизнес жулдыз, жулдыздар купиялары, жулдыздар ойбай шоу, мухит сапарбаев, шоу бизнес интрига, новости шоу бизнеса, последние новости шоу бизнеса, новости шоу бизнеса сегодня, шоу бизнес, шоу бизнес жанылыктары, шоу бизнес жанылыктар, ревю, нтк, нтк ревю, хит тв шоу бизнес, астарлы акикат 2022, эстрада последние новости, жулдыздар анши новости, qalayym live, gakku, информбюро эстрада, информбюро аншилер 31
Похожие видео
Показать еще