Асель Аскар - Бағым сен HD

12.01.2017
Ғұмыр қысқа дегенге Сене алмаймын, сенбеймін. Өткен күнім өзіңмен Бір ғасырға тең деймін. Көңілімнің күйі – сен, Мейлің сенбе, сен, мейлің. Ең бақытты бар болса, Дүниеде – мен деймін. Сен болмасаң жанымда Жарға соққан сендеймін. Ақ борандай булығып, Ақ нөсердей селдеймін. Сағыныш бар кеудемде Кәусәріңе шөлдейтін. Асыл жарым, аяулым, Бақыт – бағым – сен дейтін. Жүрегімде жалын-шоқ, Өзім сөнбей, сөнбейтін. Автор: Аиша Көпжасарова

Похожие видео

Показать еще