КНБ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ "АЙУАНДЫҚ" ТӘСІЛГЕ БАРҒАНЫ ТУРАЛЫ АЩЫ ШЫНДЫҚ АЙТЫЛДЫ HD
2022 жылдың 06 мамыры күні Бас прокуратура алдына бір топ жәбір көрген азаматтардың туыстары жиналды. Қамауда жатқан азаматтар зорлық-зомбылыққа түскені туралы туыстары айтып, шағымдарын Бас прокуратураға түсірді. Тергеу барысында КНБ қызметкерлері ұрып-соғып, сонымен қатар айуандық тәсілдерге барғаны туралы айтылды. 5-6 ай бойы туған туыстарына көрсетпей, адвокаттарды кіргізбей бар білгендерін жасаған КНБ қызметкерлеріне қанша шағым түссе де, еш шара қолданылмай отырған. Адам түршігерлік оқиғаны көрген туыстары Президентке жолдау жасады. 4vlastinfo.kz Ақпараттық агенттігінің журналистері журналистік зерттеу жүргізеді. Редакция нөмірі: 87774717140, 87718101111 Ютуб каналы және 4vlastinfo.kz сайтына тіркеліңіздер