Бесік жыры сайысы HD
Құрметті жерлестер! 14 наурыз “Амал” мерекесі қарсаңында “Риза-Ана” қоғамдық қоры мен Түпқараған ауданы іскер әйелдер кеңесі болып, онлайн форматта ауданымыздың жас аналарымен онлайн “Бесік жыры” сайысын инстаграмм парақшамда жариялаған болатынмын. Бүгінгі таңда Түпқараған ауланынан 3 келін, Ақтау қаласынан 1 келін өз видеороликтерін жіберді. Байқау жеңімпаздарын анықтау екі бөлімнен тұрады - 1) Менің ютуб желісінле каналыма видеолар жүктеліп дауыс беру болады; 2) Түпқараған іскер әйелдері әжелерінен құралған комиссия мүшелері дауыс береді; Қатысушыларға сәттілік тілеймін! Қатысушы аз болғанымен - еңбекті бағалауымыз керек. 2-ші қатысушымыз - Түпқараған ауданының тумасы , қазір Ақтау қаласында тұрады - Қыдырмағанбетова Айгерім Қалдекенқызы- Келін болғанына 6 жыл, 3 баланың анасы. ❤️Сәттілік! #БибаРамазан
Похожие видео
Показать еще