" ЖАНСАРАЙ" Театр және кино актері Базарқұлов Данияр Жоламанұлымен сұқбат. #театр #өнер HD

18.02.2019
Базарқұлов Данияр Жоламанұлы - 1981 жылы 16 қараша Алматы қаласында дүниеге келген. 1998-2002 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтының «Музыкалық драма театрының» актер мамандығы бойынша бітіріп, Батыс Қазақстан облыстық Қазақ драма театрында актер болып еңбек етті. 2010 жылдан бастап Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының артисі. Батыс Қазақстан облыстық Қазақ драма театрында: Иран-Ғайып «Қорқыттың көрі»- Әзірейіл, «Махамбет» – Қайыпқали, У.Шекспир «Ромео мен Джульетта» – Ромео, Е.Аманшаев «Үзілген бесік жыры» – Ол, Р.Отарбаев «Нашақор» – Жалқытай, Т.Нұрмағанбетов «Ескі үймен қоштасу» – Доскел, М.Хасенов «Пай-пай, жас жұбайлар-ай!» – Қасым, Т.Ахтанов «Күшік күйеу» – Кубик, Э.Олби «Зоопарк»- Джерри, Г.Хугаев «Қара шекпен» – Қуқар, М.Кәрім «Ай тұтылған түн» – Ақжігіт, «Шыңғыс ханның ақ бұлты» – Әбутәліп, Камю «Калигула» – Калигула, т/б. Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында: В.Ежов «Бұлбұлдар түні» – Федеровский, Ш.Айтматов «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет»- Мылгун, М.Әуезов «Ай-Қарагөз…» – Дулат, Иран-Ғайып «Фатима» – Біләл Сүлеев, Ә.Тарази «Жақсы кісі» – Марат, Г.Хугаев «Қара шекпен» – Тұзар, Т.Ахтанов «АНТ» – Жанарыс, т/б. 2010ж. Халықаралық Орта Азия елдері театрлар фестивалінде «Ең үздік ер адам бейнесі» номинациясының иегері. Санам – жан-сырым, Жан сырым – ЖАНСАРАЙЫМ. Театр - тірі ағза, таза өнер. Ондағы өнер иелерін дәріптеу, бақылау, бағалау Басты міндетіміз☝️... Алматы қаласындағы ғана емес, облыстық театр артистерімен де сыр-сұқбат жасап, жан сырларын ашуға тырысатын боламыз, Алла бұйыртса. "Жансарай" Ә.Сығай ізімен...

Похожие видео