Ауылым!!! сөзі Аян Сейітов.

13.09.2020
Ауылым сөзі. Аян Сейітов. Жетегіне еріп жалғанның Қалаға жедел жетіппіз Артынан жүріп арманның Ауылдан шығып кетіппіз Қайырмасы: Арайын төгіп аспаным Араласамда жер жерді Ат озған ауылдастарым Сағынып жүрмін сендерді Қонатын көлдің бетіне Түңгі аспаныңды-ау сағындым Түнейтін соның шетіне Құрдастарымды-ау сағындым 2рет Жусаны жұпар ауылмен Көшемнің шаңын сағындым Ағайын туыс бауырмен Шешемнің шәйін сағындым Əнімнің биін тапқандай Қамысын гүлдің сағындым Шымберген ақын айтқандай Дауысын төлдің сағындым 2рет Ауылдан көшсең көш керуен Қалада өрле өс мейлі Ауылдан адам көшкенмен Адамнан ауыл көшпейді

Похожие видео

Показать еще