Анашым туған күніңізбен құттықтаймыз!

19.02.2021
Бүкіл өмірін балаларына арнап, өмірлік серігіне адал жар, ардақты ана бола білген, бүгінде ұлын-ұяға қондырып, немерелерінің сүйікті Әжесі болып отырған асыл Анамыз, Сізді бүгінгі мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге сарқылмайтын денсаулық, таусылмайтын бақыт, әлемнің бар асылын тілейміз! Жүзіңізден шуақ кетпей, ғұмыр бойы өмірдің қызығына тоймай, ортамызда жүре беріңіз! Бұл күнде Сізге деген перзенттік махаббатымызды ең ізгі де, ыстық сезімімізді мына өлең шумақтарымен білдіргіміз келеді: Әлпештеген, аялап асыраған, Аяулы ана, ақ ниет асыл адам. Ұрпақ үшін тірлікке нұрын төккен, Қиын-қыстау күнде де жасымаған. Сыздағасыз, Сан рет мұздағасыз, Шәкіртке де, Бізге де ізгі анасыз. Бағымыздың бұлбұлын сайрататын, Жанымыздың жайлауы Сіз ғанасыз. Лаулаймыз да, Сіз барда жанамыз да, Қосып сізді сан әнге, сан аңызға. Аялаған аққуын айдындай боп Асыл Ана, жүре бер арамызда! Ізгі тілекпен: балаларың, келіндерің, немере-шөберелерің.

Похожие видео

Показать еще