Апа-ау АНАШЫМ Айкерім Қалаубаева.
Ақ шашты көрдім апау самайыңнан, Байқадым терең әжім маңдайыннан Жәудіреп жас балаша жаутаңдайсың, Сезіледі шаршағаның апау жанарыңнан. Не көрмеді біздер үшін аяулы анам, Сондада түсінбейді-ау барлық адам Дұшпандар десе десін сыртымыздан Жеткізген осы күнге апау сенің арқаң. Барма екен мейірімді адам бір өзіңдей, Ыстық-ау алақаның тілімделген Анашым әлі кунге көз алдымда Бейнетің біздер үшін апау өзің көрген.