Бекзат Сәкенұлы Жарапазан HD
Жарапазан Е-е-е-е-е-е-е-е-е-е--ей Үйің-үйің, үй екен, Үйдің көркі ши екен. Ақ сарайдай боздатқан, Қайсы байдың үйі екен? Бай үйіне берекет, Қаша берсін бәлекет. Кірсін дәулет есіктен, Шықсын бейнет тесіктен. Жарапазан жарықтық, Жақсы дейді есіткен. 1.«Ассалаумағалайкум, мұсылмандар, Мойынын хақ жолына ұсынғандар. Құт орнап отбасыңа, бағың артсын, Бір Алла қабыл етсе, ісіңді оңдар. Атыңнан айналайын хақ пайғамбар, Алладан әмір келсе – жақ байланар. Бес күндік тіршілікте құлшылық қыл, Қара жер өлгеннен соң тақтайланар. Рамазан айы келді, ей, жарандар, Бұл айдың фазілеті Кәламда бар. Өлеңі жарапазан айып емес, Мүмінге осылайша болған хабар. Қайырмасы: Е-е-е-е-е-е-е-е-е-е-е-е-ей Балалардың мінгені, Жорға-жорға тай болсын. Жорғалатып келгенде, Байдың көңілі жай болсын. Ай жағынан қарасаң, Алтын терек орнасын. Күн жағынан қарасаң, Күміс терек орнасын. Бөлшіл-бөлшіл, бөлшіл бол, Бозторғайдай төлшіл бол. Бәйтеректей бүрлі бол, Пайғамбардай нұрлы бол. Мұхамед үмбеті айтқан жарамазан, Оразаң қабыл болсын ұстаған жан. 2.Құдайым, баршамызға, несібе бер, Күлген мен ойнағанды кешіре гөр. Күнәміз таудан биік, тастан қатты, Су сеуіп дозақ отын өшіре гөр! Меккеде бір ағаш бар іші қуыс, Ораза намазың мен ізгі жұмыс. Ұстасаң оразаны, жұмағыңда, Жемістер шашылады уыс-уыс. Айтамыз жарапазан ауылыңа, Бақ қонсын бар мұсылман қауымына. Береке, құт әкелсе, ораза айы, Жаз жайлау, қарық болсын сауыныңа!» Қайырмасы: Ей-ей-ей-ей-ей-ей-ей Балалардың мінгені, Жорға-жорға тай болсын. Жорғалатып келгенде, Байдың көңілі жай болсын. Ай жағынан қарасаң, Алтын терек орнасын. Күн жағынан қарасаң, Күміс терек орнасын. Бөлшіл-бөлшіл, бөлшіл бол, Бозторғайдай төлшіл бол. Бәйтеректей бүрлі бол, Пайғамбардай нұрлы бол. Мұхамед үмбеті айтқан жарамазан. Оразаң қабыл болсын ұстаған жан, Оразаң қабыл болсын ұстаған жан.