InShot_20190701_104653678
2019 жылы 29 маусым айында Аққулы ауданының полиция ардагерлерін еске алу шарасы өтті. Жазықсыз құрбандарды еске алуға Аққулы ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері, ішкі істер органдарының ардагерлері және ауыл тұрғындары келді. Бүгін біз қызметтік борышын атқару кезінде өзгелер үшін өз өмірін қиып, антына адал болған, қатарымызға енді қайтып оралмайтын, жанкешті азамат әріптестерімізді еске алуға жиналып отырмыз. Олардың есімдерін атап, аруағына тағзым ету біздің парызымыз, әрі міндетіміз. Өйткені олардың ерлігін, қайсарлығы мен батылдығын бүгінгі жас ұрпақтың білуі, есімдерін құрметтеп, үлгі тұтулары қажет. Ел тыныштығын сақтау үшін қылмыскерлермен күрес жолында қанша азаматтарымыз бейбіт заманда құрбан болып, жас өмірімен қош айтысты. Қаза болған жерлестеріміздің есімі мәңгі есімізде және ешқашан ұмытылмайды. Қызметтік борышты өтеу кезіндегі қайсарлықтарыңыз бен батылдықтарыңыз үшін алғыс білдіріп, Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Еліміз тыныш, халқымыз аман, бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын деп Аққулы ауданы Полиция бөлімі бастығы полиция подполковнигі Т.Бодиев тілегін білдірді.