VID-20191001-WA0059
АҚҚУЛЫ АУДАНЫ ПОЛИЦЕЙЛЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҚАРТТАР КҮНIМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫАққулы ауданы Полиция бөлімі бастығы және қызметкерлері ішкі істер органдарының ардагерлерің 1-қазан қарттар күні мерекесімен құттықтады!Осыдан 29 жыл бұрын, яғни, 1990 жылы желтоқсан айының он төртінші жұлдызында Қазахстан Республикасы Бас Ассамблеясы 1 қазанды «Халықаралық қарттар күні» деп жариялаған болатын. Асылында, бұл мереке ХХ ғасырда пайда болды. Басында Қарттар күні Еуропада, кейін Америкада тойланған, ал 80 жылдардың аяғынан бері бүкіл әлемде атап өтіліп келеді. Бұл күні біздің елімізде ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінде қарттарға арналған мерекелік іс-шаралар өткізіліп жатыр. Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың облыстың, ауданның өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жас полиция қызметкерлерін тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді» деген сөз бар. Қарттары бар ел-бақытты ел. Сондықтан ел басына күн туған, қиын-қыстау күндерде халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын қарттарымыз қашан да аман болсын, әрқашан ортамызда осылай ұрпақтарыңның қызығына кенеліп жүре берініз! Жастарыныз ұзақ болсын, ауырмаңыздар - деді Тасқын Бодиев. #Нестареютдушойветераны #dp_pavlodar #mvdkz mvd_kz#qriimkz