КАЗКОМ мен БТА - Біз біргеміз!

21.05.2015
Казком мен БТА-ның бірігуіне қатысты жұмыстар аяқталып келеді. Біріккен банк Қазақстан Республикасындағы ірі әмбебап қаржы институты болмақ. Казком мен БТА клиенттерінің көбі екі банктің бірігуінен оң нәтиже шыққанын бағалап үлгерді. Мәселен, өткен жылғы шілде айынан бастап олар Казком мен БТА-ның бірыңғай банкоматтық желісінің қызметін қосымша комиссиясыз пайдалануға мүмкіндік алды. Айта кетейік, бүгінгі күні банкоматтардың саны 2170 жетті. Ал 2015 жылғы ақпанда БТА банктің төлем карталары Казкомның технологиялық платформасына ауысқаннан бері, БТА клиенттеріне Казкомның интернет-банкингі - Homebank.kz-тің көптеген қызметтері қол жетімді болды. Келешекте біріккен банктің клиенттеріне бәсекелестікке қабілетті өнімдер мен заманауи әрі озық банктік қызметтер ұсынылатын болады.

Похожие видео

Показать еще