Есі бар бала он жасында "баспын" дейді! Есі жоқ жігіт 40 жасында "жаспын" дейді!
Елге қайттық. Тараз, Түркістан, Қызылорда аралығы барып қайтқан қанша болады екен, ә?! Жолаушылап жүрсеңіздер Түркістан мен Шымкент аралығында "Қызыл-көпір" деген мекен бар. Шардарадан күнде "сбежий" балық келеді екен. Сол балықты көзіңізше тазалап және лезде қуырып береді. Дәмі тіл үйіреді. Сол Қызыл - көпірде Ернар деген 11 жастағы бизнесмен жігітпен таныстым. Қалғанын видеодан көріңіздер. Әр қазақ бай болсын! Қазақтың ұрпағы еңбекқор болсын.