" Қажымұқан көтерген тас "Қажымұқанның әлемге даңқы жеткен,Баянға да талай рет келіп кеткен.Бұл тасты көтеріп алып келіп ,Сүбек ұста досына тарту еткен ...!!!
…Шалқасынан жатты да, төсеп төсті, Кеудесіне қойдырды үш пұт тасты. Пұт жарымдай бар шығар екі балға, Ақботаш, Субек ұста қандай күшті. Кезек-кезек екеуі дүрс-дүрс ұрды, Жұрт қорқып : «Өліп кетер» – деумен тұрды. Өзінің жаны бар ма, жоқ па? – десті, Бит шаққандай көрмеді, қырау құрлы... Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің “Қажымұқан” атты поэмасынан.