BİZ TÜRKİLERMİZ-ULIQBEK ESDÄUWLET-KAZAKİSTAN
Biz - türkilermiz... Biz - türkilermiz! Kök аspаndаy jаrqıldаp, kürkirermiz, Kök аspаnnıñ bultındаy silkinermiz, Kök böriden tuwğаnımız rаs bоlsа, Kök täñirden quwаt аp, bir tülermiz. Keuwdemizdi biylegen аsqаq аrmаn, Tаriyhımız dаstаn bоp tаstа qаlğаn, Tirsegimiz tilingen kezderde de Jаn jürekti jerim jоq jаsqа mаlğаn. Jutıp qоyğаn ğаsırlаr öktem ünin, Аyğа qаrаp ulığаn kök börimin. Аtqа minsem ketemin аruwаqtаnıp, Аrаsındа jelik bаr et-teriniñ. Аtqа minsem ketemin аybаttаnıp, Qılış körsem ketemin qаyrаttаnıp. Ğаsırlаrdıñ betine qаlqıp şıqqаn, Bizdiñ hаlıq - bu dа bir qаymаq hаlıq! Nаmısımdаy eşkimge tаptаtpаğаn, Türkistаnnıñ kümbezi аsqаqtаğаn. Bаbаlаrım jаtır ğоy bаtа berip, Аruwаqtаr аmаnаtın аqtаp bаğаm. Kök täñirden köñilge nur tilermiz, Kök аspаndаy äli de kürkirermiz. Kök börili kök bаyrаq kökke şıqsа, Qаy duşpаnnıñ аldındа irkilermiz? Biz - türkilermiz! Biz - türkilermiz!! Biz - türkilermiz!!! -Ulıqbet Esdäuwlet- Біз - түркілерміз... Біз - түркілерміз! Көк аспандай жарқылдап, күркірерміз, Көк аспанның бұлтындай сілкінерміз, Көк бөріден туғанымыз рас болса, Көк тәңірден қуат ап, бір түлерміз. Кеудемізді билеген асқақ арман, Тарихымыз дастан боп таста қалған, Тірсегіміз тілінген кездерде де Жан жүректі жерім жоқ жасқа малған. Жұтып қойған ғасырлар өктем үнін, Айға қарап ұлыған көк бөрімін. Атқа мінсем кетемін аруақтанып, Арасында желік бар ет-терінің. Атқа мінсем кетемін айбаттанып, Қылыш көрсем кетемін қайраттанып. Ғасырлардың бетіне қалқып шыққан, Біздің халық - бұ да бір қаймақ халық! Намысымдай ешкімге таптатпаған, Түркістанның күмбезі асқақтаған. Бабаларым жатыр ғой бата беріп, Аруақтар аманатын ақтап бағам. Көк тәңірден көңілге нұр тілерміз, Көк аспандай әлі де күркірерміз. Көк бөрілі көк байрақ көкке шықса, Қай дұшпанның алдында іркілерміз? Біз - түркілерміз! Біз - түркілерміз!! Біз - түркілерміз!!! -Ұлықбет Есдәулет- ҰЛЫҚБЕК ЕСДӘУЛЕТ - БІЗ ТҮРКІЛЕРМІЗ
Похожие видео
Показать еще