"Жас сахна" театры - "Қош махаббат" (М.Мақатаев) HD

11.02.2014
ҚазҰМУ студентінің тұлғалық даму Моделін жүзеге асыру жоспары аясында 30-қаңтар күні университетіміздің «Concordia» театры сахнасында «Қош, махаббат!» атты «Жас сахна» театры спектакль көрсетті. Спектакль қазақ халқының қастерлі перзенті, лирик, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтің пьесасы желісімен қойылған. Спектакльдің астарында адам жанының әр қилы қырлары, махаббат пен достық, ізгілік пен азғындық, сан алуан сезімдер,сүйініші мен күйініші қатар жүретін нағыз өмір шындығы жатыр. Спектакль тіршіліктің түпкі мәні жайлы терең ойға шомдырып, турашылдық, ардан аттамау, махаббатқа адалдық сынды ізгі қасиеттердің қаншалықты қастерлі екенін ұғындырады.

Похожие видео