ТОЧКА I "ДҰРЫС ТАҢДАУ" HD

01.03.2018
Күнделікті өмір ауыр шешімдер мен қиын таңдауларға толы. Қиярдың қай сұрпын алған дұрыс? Тіс пастасын қалай таңдау керек? Электр пешін сатып аларда нені ескерген жөн? Жауабы оңай болып көрінгенмен, кейде бұл сұрақтарға дұрыс жауап беру қиындай түседі. «Дұрыс таңдау» бағдарламасы азаматтардың күнделікті өмірде тап болатын күрмеуі қиын мәселелерінде көмекке келмек. Сан түрлі тақырыптағы пайдалы кеңестер, кәсіби маман пікірі – бәрі бәрі осында. Сіздің ойыңызша, үйдегі ең маңызды техника не? Кір жуғыш машина? Әлде электрпеші ме? Әрине, әрқайсысының өз қызметі бар. Ал тұрмыстық техника ішінде ерекше орын алатын – тоңазытқыш. Әсіресе жаз маусымында бұл техникасыз асүйді елестету мүмкін емес. Олай болса бүгінгі хабарымызда тоңазытқышты қалай таңдау керектігін айтамыз.

Похожие видео