Мейрамбек Беспаев (Динара Остемерова) - Сен үшін жаралғандаймын

11.11.2019
Жете алмай саған тіл қатып, Жүректің мұңын тыңдатып, Сағыныш болып кеудемде, Таба алмай емін бұл уақыт. Өртеңген сезім бойымда, Қанымды қызу тулатып. Жаныңнан бір сәт табылсам, Мен үшін сол да бір бақыт. Қайырмасы: Жанымды тербеп балдай мұң, Әнімді саған арнаймын. Жалт еткен жарық жалғанда Сен үшін жаралғандаймын. Құс болып ұшып самғаймын, Іздеуден сені талмаймын. Мүлт еткен мөлдір ғаламда Сен үшін жаралғандаймын.

Похожие видео

Показать еще