Даналар мұраты № 2 2018

22.03.2018
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің "Даналар мұраты" мектебінің кезекті құрылтайында қабылданған ҚАРАР (жобасы) 1.Жаңартылған білім мазмұны бойынша оқу бағдарламасындағы қазақ әдебиеті пәні оқулығына енген кейбір тақырыптар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай қамтылмаған. (7-сынып. Темірхан Медетбек «Тәуелсізбін») 2. Қазақ әдебиеті пәнінің оқу бағдарламасында Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Әуезов шығармаларының "шиыршық әдісімен" енгізілуінде жүйе сақталмаған. Атап айтқанда, Абай Құнанбайұлы 5- сыныптың оқулығында мүлдем енбеген. Тек 6-сыныпта Абай Құнанбайұлының "Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін", "Ғылым таппай мақтанба", "Бірінші қара сөзі", "Жетінші қара сөзі", "Отыз бірінші қара сөзі" оқуға берілген. 10-сыныптың қазақ әдебиеті бағдарламасында "Сегіз аяқ", "Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы", "Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да", "Сабырсыз, арсыз, еріншек", "Қалың елім, қазағым, қайран жұртым", "Болыс болдым, мінеки", "Лай суға май бітпес қой өткенге" өлеңдері, Он жетінші қара сөз, Отыз үшінші қара сөз, "Ескендір" поэмасы. Абай шығармалары 5,7,8,9,11-сынып оқулықтарында қамтылмаған. 3.М.Әуезов шығармаларынан 7-сыныпта "Көксерек" әңгімесі, 11-сыныпта "Абай жолы" роман-эпопеясы ғана берілген. 4. Ш.Құдайбердіұлы шығармаларынан "Еңлік- Кебек" дастаны, "Жастарға" өлеңі 8-сыныптың оқу бағдарламасы мен оқулығында беріліп, басқа сыныптарда қамтылмаған. Негізгі орта білім - жас ұрпақтың қазақ әдебиеті классиктерінің шығармашылығымен танысатын кезеңі. Абай Құнанбайұлының табиғат лирикалары, Шәкәрім Құдайбердіұлының 2-сыныпта "Бояулы суыр", 3-сыныпта "Ақылшы торғай", 4-сыныпта "Қаншыр мен бөдене", 5-сыныпта "Еріншектен - салақтық", 6-сыныпта "Адамдық борышың", Жолама, қулар маңайға", "Ар ілімі", 7-сыныпта "Бостандық таңы атты", 9 -сыныпта "Қалқаман- Мамыр" поэмасы енгізілсін. 5.Қандай да болмасын білім бағдарламалары толықтырулар мен өзгерістер жасау барысында алдыңғы қатарлы педагогикалық университеттер мен педагогикалық колледждердің ғылыми кеңестерінде талқыланып бекітілсін. 6.Қазақ әдебиеті пәнінің бұрынғы (2017ж. дейінгі) бағдарламасында жалпы саны Абайға 27 сағат берілген болатын. Жаңа білім бағдарламасында аз (қанша) сағат берілген. Тақырыптардың мазмұны мен маңыздылығын ашуда бұл сағат көлемі жеткіліксіз. 7. 2-сыныптың "Әдебиеттік оқу" оқулығында (авторы Б.Т. Қабатай,"Атамұра–2017") Абай, Қ.Мырзалиев, А.Асылбеков, Ф.Оңғарысынова, Ә.Дүйсенбеков, Қ.Баянбай, М.Мақатаев аудармашы деп көрсетілген. Бастауыш сыныпта ақындарды "аудармашы" деп бір қырынан ғана таныстырудың қажеттілігі жоқ. Бастауыш білім бағдарламасында 2-4 сыныптар арасында базалық білім мазмұнында ақын-жазушылар Ы.Алтынсаринмен басталып, М.Абылқасымовамен аяқталып, қайталанып беріле берген. Оқулықта 33 автор қамтылған және 2,3,4 -сыныптарда сол тізіммен қайта қайталанады. 8.Жаңартылған білім беру мазмұнынындағы бастауыш білім беру жүйесінің әдебиеттік оқу, негізгі орта білім беру кезеңіндегі қазақ әдебиеті бағдарламалары мен оқулықтары қайта қарас

Похожие видео

Показать еще