“Абай жолы“ II том. “Биікте“ VII тарау.

22.10.2020
Абай өзінің ақындығына сыншыл қарап жүрген уақыттан бері біраз жыл өтті. Бұл күнде оның ақын аты анық танылған. Айналасына жиналған өнерпаздар көп. Жазған өлеңдері мен әндерін талай өнерлі жас таратып айтады. Сондай-ақ қазір ол орыстың Пушкин, Лермонтов ақындарымен дос болып алған. Шығармаларын ерекше құрметтеп оқиды. Бірнеше күн бұрын «Татьянаның хатын» аударып, оны Кішкене молдаға хатқа түсіруді тапсырды. Енді ішінен күбірлеп «Татьянаның хатын» әнге салып отыр. Басындағы үш ауызын мүдірмей айтып өтті. Осындай шығармашылық көңіл-күй үстінде отырғанда үйге Әйгерім бірнеше адамды ертіп келді.

Похожие видео

Показать еще