Алмас қылыштың

18.01.2017
"Алмас қылыш" туралы «Алмас қылыштың» «Көшпенділерден» артықшылығы , барлық басты ролдерді өз актерларымыздың ойнағандығы. Ешқандай Марк Дакаскассыз-ақ қазақтың марқасқа өнер тарландарымен бірге жас әртістеріміз өз кейіпкерлерін тамаша сомдап шыққан. Ал, көркем ойдан құралған образдары көп«Жаужүрек мыңбаладан» артықшылығы тарихи деректерден көп ауытқымағандығында. «Алмас қылышта » ең бастысы Керей мен Жәнібек сұлтандардың Қазақ елін қалай құрғаны тарихи дәйектілікпен көрсетілген. «Көшпенділерде» батырларымыз тебісе кететін ұрыс сәттері де болғанын жымия еске аламыз, «Алмас қылышта» нағыз қазақы садақшы мергендердің ерлігін көре алдық. «Жаужүрек мыңбалада» жоңғардың ірі денелі сұсты мұздай қаруланған әскерлері балабатырлармен соғысып жүргендей әсер алған едік, «Алмас қылышта» қазақтың нағыз хас батыры Қобыландының жойқын күшін көрдік. Байқап отырсаңыз біздің киногерлеріміз біртіндеп-біртіндеп нағыз қазақ хандары мен батырларының төл болмысын ашатын тарихи ақиқаты анық ауқымды фильмге жақындап келе жатқан сияқты. Тарихи фильмдер түсірілген сайын тәжірибе өсіп, сапа да жақсарып , мән-мағынасы да артып келеді. Қалай болғанда да бұл жақсылықтың нышаны. «Алмас қылыш» аяқталғанда Астанадағы көрермен толы кинозал дүрліге қол соғып қошемет көрсетті.Бұл көрерменнің берген шынайы бағасы шығар.

Похожие видео

Показать еще