КТК: Қазақстан жаңалықтары 13.12.2021 HD
Жүргізуші: Ерланби Даулетияр (Instagram: @yerlanbi_dauletyar) ХАМЕНОВА ҚАМАЛМАДЫ Ескерткішке кеткен қаржыдан үлесін талап етті деген күдікпен ұсталған Атырау облысы әкімінің орынбасары үй қамаққа алынды. Ал Тәуелсіздік күніне жоспарланған Хәкім Абайдың мүсінінің ашылу салтанаты шенеуніктердің шатылуына байланысты кейінге шегерілген. ТОҚҚА ТҮСТІ Нұр-сұлтан қаласындағы вокзалда жолсерік тоққа түсіп қаза тапты. 28 жастағы жігіт пойыздың төбесіне шығып ақауды жөндемек болған. НАУҚАСҚА ТАЛАС Алматы облысындағы психиатриялық ауруханалар науқастарды бөлісе алмай жатыр. Тізімдерді сапырыстырып жатқанда жүйке-жүйесіндегі ауытқуы бар жандар терапиясыз, ал дәрігерлер жұмыссыз қалғалы тұр. ШЫРШАҒА ТИМЕСІН! Шыршаларды браконьерлерден қору маусымы басталды. Жаңа жыл қараңында қылқан жапырақты ормандардың маңына арнайы бекеттер қойылуда. #ктк #жаңалықтар #кткжаңалықтары
Похожие видео
Показать еще