КТК: Қазақстан жаңалықтары 11.08.2022 HD
Жүргізуші: Асыл Махметов (Instagram: @asyl_mahmetov) ҚАНТТЫ "ЖЕГЕН" Қостанайлық шенеуніктер қантпен қалта қампайтқан. Өңірдегі тапшылықты реттеу үшін жеткен шекерді олар таныс саудагерлерге арзанға үлестіріп, өздері ауызбастырық алып отырыпты. КҮДІКТІНІҢ УӘЖІ Жайлы төсекте жатқысы келеді! Оралда кәсіпкерді көптің көзінде пышақтап өлтірген қаскөйдің бірі бүгін соттан "екі әйелімнің қасына жібер" деп бостандық сұрады. ЖАЙСЫЗ ЖАТАҚХАНА Оқу жылы қарсаңында жоғары оқу орындарының жатақханаларының жайын көруге шыққан комиссия мүшелері жағаларын ұстады. Жуынатын жерлері көгеріп, дәліздерде тарақандар өріп жүр. АЮМЕН АРПАЛЫС Аюлар Шығыс Қазақстандағы ауылдарға шабуылдауда. Ірі қараны жарып, омарталарды талқандаған аш аңдар адамнан да қорықпайтын болған. #ктк #жаңалықтар #кткжаңалықтары
Похожие видео
Показать еще