ҚР ДСМ валсартаны бар препараттарды қайтарып алу себебін түсіндірді
Ел дәріханаларында «Вазар 80мг», «Вазар-Эйтч» және «Нортиван» препараттары айналымнан уақытша шығарылды. Құрамында валсартан белсенді заты бар дәрі-дәрмек қан қысымы жоғары науқастарға арналған. Алайда отандық фармацевттер шетелдік әріптестерінің тәжірибесін ескеріп, аталған дәрілер емделушілерге зиян болуы мүмкін деген шешімге келіп отыр. Артериалды гипертония, инсульт және жүрек талмасы бар науқастарға арналған бірқатар препараттың құрамынан белсенді заттар табылған. Қытайдың фармацевтикалық компаниясына тиесілі бұл өнімдердің құрамында валсартан белсенді заты бар. Бұл туралы өндіруші компания әлемдегі импорттаушыларына шілде айында ескерткен. Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығы өкілдерінің айтуынша, жуырда өндіруші ел препаратты әзірлеу технологиясын өзгертуіне байланысты дәрі-дәрмек құрамындағы мөлшерлік норманы бұзып алған болуы керек.
Похожие видео
Показать еще