ҚҰДСИ ХАДИС - ШЕЙХ ШАҒРАУИ
Алла Тағаланың (ал-Уадуд) - "Сүйікті" деген сипаты бар. Сүйікті Пайғамбарымыздан (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) жеткен Қудси хадисінде Хақ Тағала: "Ей адам баласы! Билік Иесінен әлбетте қорқыңдар, өйткені Менің Билігім Мәңгі және Жоғалып кетпейді! Ей, адам баласы! Ризығың тарылып қалады деп уайымдама, өйткені Менің қазынам толы, әрі ешқашан таусылмайды! Ей, адам баласы! Мен сені тек құлшылық етуің үшін жараттым, сол үшін ойнама! Сенің рызығыңа кепілдік беретін мына Мен, уайымдап, шаршама (яғни бүкіл жан дүниесімен қайығырып, уайымдап, шаршама дейді, Керісінше, денең жұмыс істеп, Жүрегің Аллаға тәуекел етсін),-дейді. Сондай-ақ, Менің бөліп берген рызығыңа разы болсаң, жүрегіңді рахаттандырып, демалдырамын, сондай-ақ, Менің алдымда мақтаулы жан боларсың! Ал егер Менің бөліп бергеніме риза болмасаң, дүниенің жалған-былығына беріліп кетіп, Менен тек ғана саған бөліп бергенімді аларсың (демек, Оның алдында мақтаусыз қаларсың). Сондай-ақ, аспан мен жерді жаратқан - Менмін! Ертеңгі рызығыңды менен талап етпе, өйткені Мен сенен ертеңгі құлшылығыңды талап етіп тұрғаным жоқ қой?! Сондықтан ей, адам баласы! Мен саған сүйіктімін, Менің осы сипатыммен сенде маған сүйікті бол",-деп Имам Шағрауи (Алла рахмет етсін) Қудси хадисті тәпсірлей отырырып, жүректі тербетуге себепші болды.