Ей, адамдар, шүкіршілік етіңдер!
Сынақ келсе, сынып кетпей сәл мұңғаКүнә тауып, кінә тақпа тағдырғаКей кездері жоқ болғаның жөн шығарҚадіріне жету үшін бардың даБайлық бақыт бермейді деп ешкімгеМен түгілі айтқаны бар Ханның даЕңсең түсіп кетпеу керек, бастысыТеңгең түсіп, көтерілер әр жылдаТапшылықтың тап келуі заңдылықЖақын тұрған жақсылықтың алдындаКемпірқосақ көру үшін алдымен,Шыдау керек сіркіреген жаңбырға!Басқа келген қиындықтың бүкілінБасқа адамнан көріп, көзін шұқыдың.Еркін адам болғаннан соң "еркінсіп",Кей кезде артық айтылады пікіріңАзаттықтан айырмасын еліңдіАздаған бір "азаматтық" құқығың.Неғыласың ел ішіне от салып,Түзу ұшса болды емес пе түтініңТіршілік ет, таусылғанша дәм-тұзыңТұздай құрып кетпеу үшін тұқымы`йңБалдан тәтті деп бағала, қазағымБейбіт күнде ішкен судың жұтымынҚара алтындай мұнай емес, байлығыңСара алтындай сабыр менен шүкірің
Похожие видео
Показать еще