Ей, адамдар, шүкіршілік етіңдер!
Сынақ келсе, сынып кетпей сәл мұңға Күнә тауып, кінә тақпа тағдырға Кей кездері жоқ болғаның жөн шығар Қадіріне жету үшін бардың да Байлық бақыт бермейді деп ешкімге Мен түгілі айтқаны бар Ханның да Еңсең түсіп кетпеу керек, бастысы Теңгең түсіп, көтерілер әр жылда Тапшылықтың тап келуі заңдылық Жақын тұрған жақсылықтың алдында Кемпірқосақ көру үшін алдымен, Шыдау керек сіркіреген жаңбырға! Басқа келген қиындықтың бүкілін Басқа адамнан көріп, көзін шұқыдың. Еркін адам болғаннан соң "еркінсіп", Кей кезде артық айтылады пікірің Азаттықтан айырмасын еліңді Аздаған бір "азаматтық" құқығың. Неғыласың ел ішіне от салып, Түзу ұшса болды емес пе түтінің Тіршілік ет, таусылғанша дәм-тұзың Тұздай құрып кетпеу үшін тұқымы`йң Балдан тәтті деп бағала, қазағым Бейбіт күнде ішкен судың жұтымын Қара алтындай мұнай емес, байлығың Сара алтындай сабыр менен шүкірің
Похожие видео
Показать еще