«Сардар». Қазақстан - Қытай. Тарихи фильм.(2003)

05.03.2018
"Сардар" фильмі Жыл: 2003 Қазақстан, Қытай Режиссер: Болат Қалымбетов Жанр: драма, тариха фильм Фильмнің оқиға желісі XVIII ғасырдағы Жоңғар шапқыншылығы кезінде өрбиді. Құлжа мен Ақберді есімді екі дос бір ауылда туып-өседі. Қазақ жеріне аты тараған айбынды қазақ батыры Құлжаның әкесі Қангерей жоңғарлардың тұтқынына түседі. Ержетіп, бойларына күш-қуат жинаған екі дос Қангерейді тұтқыннан босатып, жоңғарлардың қоластындағы жаһан даланың тәуелсіздігі үшін күресуге бел буады. Кинематографиялық туындыларға арналған «Бәйтерек – 2004» байқауында «Сардар» фильмі «үздік операторлық жұмыс», «үздік суретші» номинациялары бойынша және режиссер Болат Қалымбетовтың өзі әділқазылар алқасының арнайы жүлдесімен марапатталды.

Похожие видео

Показать еще