Голос.Дети байқауының жеңімпазы Ержан Максим Мәскеуге қоныс аудармақ!
Ресейде өткен «Голос.Дети-2019» жобасында әуелде екінші орынды еншілеп, кейін дауыс беру процесін қайта қараған комиссия, отандасымыз Ержан Максимнің топ жарғанын анықтаған-ды! Дәл осы жарқын жеңісінен соң, жас жұлдыздың өмірі күрт өзгерген. Қазіргі таңда Ержанға ел арасында емін-еркін жүріп-тұру оңай емес.