ҚАРАДАЛАМ-АЙ әні. HD

09.08.2020
Сөзі мен әні: Бақыт Беделхан. Орындаған: Әсет Есжан. АЛ, ҚАЗАҒЫМ, ӨТІНІШ АЙТАЙЫН? "ҚАРАДАЛА" - бұл қазақтың қара даласының бір пұшпағы. Сізге де бізге де АТА-БАБАМЫЗДАН қалған жер. Найзаның ұшымен, білектің күші ғана емес, қазақтың жерін азат еткен бәріңіздің батыр бабаңыздың аққан қаны, төккен тері сіңген жер! Сол алақандай жердің ӘКІМШІЛІК атауы өзгенің атымен аталып тұрғаны тек біздің ғана жанымызға батқан жара емес екенін жүрегі "Қазағым" - соққан ағайын түсінер деп ойлаймын. Менің өтінішім өз әріптестеріме, артист, әнші аға-ініге, әпке-қарындасқа және "әу" - дей алатын әнсүйер айналайындарға арналады. Бақыт Беделхан бауырымыз сөзі мен әнін жазған "ҚАРАЛАЛАМ-АЙ" - деген жаңа ән шықты. Әсет Есжан ініміз орындап жатыр. Осы әнге қосыла топпен айтып немесе өздеріңіз асықпай дайындалып жеке орындап, болмаса шәкірттеріңізге, балаларыңызға айтқызып, осы фейсбук, инстаграмға видеосын жолдайық?! ҚАРАДАЛА әнін түгел айтып, әсем әуеніміз арқылы тілегіміз бен ниетіміздің үндес екенін, байтақ жеріміз бізге ортақ екенін өнердің тілімен жеткізейікші?! Өнердің де Ұлы өзгеріске үлесі болсын! #ҚАРАДАЛАӘНІ #ҚАРАДАЛА - деп белгі қалдырсаңыздар болды.

Похожие видео

Показать еще