Туған күніңмен, Түрден! (Brand new kazakh song on guitar for Naiman girl)

20.03.2013
Шығыс қызы! Жүректі тербедің, жанымды емдедің, Жаныма кел менің, жаным, Назым! Бір сені іздедім, жаз ба еді, күз бе еді, Жүректің сезгені өзің, жарым. Көктемгі гүл ме едің, тек сені сүйгенім, Ғашықтық күйдемін, құшақ аштым. Махаббат көлінде, Аққуым сен дедім, Шығыстың қызы едің қара шашты. қ-сы: Жаным, бағым арманымсың, Өмірлік жармысың, сағынышым. Назым, сұлу арман құсым, Шырқап әнге қостым, қарлығашым. Өзіңді көргенде, келе алмай сөзге де, Танысудан қаштым, толқып, састым. Ботадай көзіңе, жып-жылы сөзіңе, Ғашықпың өзіңе, сырымды аштым. Сыңғырлап күлгенің, бар ойым сен менің, Сағынып жүремін, Найман қызын. Осы өмір сүргенім, сен үшін, білемін, Мәңгілік тірегің мен ғой, Арғын! қ-сы: Жаным, бағым арманымсың, Өмірлік жармысың, сағынышым. Назым, сұлу арман құсым, Шырқап әнге қостым, қарлығашым.

Похожие видео