«Жұмақ: жаза және кешірім» қысқаметражды көркем фильмінің тұсаукесері HD

24.05.2022
18 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының тапсырысымен контрнасихат жұмыстары аясында Діндерді зерттеу орталығы түсірген «Жұмақ: жаза және кешірім» қысқаметражды көркем фильмінің тұсаукесері өтті. Фильм деструктивті діни ағымға түсіп, өмірі күрт өзгерген Әли атты жас жігіттің тағдырынан сыр шертеді. «Жұмақ» фильмнің бірінші бөлімі 2021 жылы жарыққа шыққан болатын. Туынды көрермен көңілінен шығып, әлеуметтік желілерде (YouTube, Instagram, Facebook, Tik-Tok) 5 миллионнан астам қаралым жинады. Көрерменнен келген кері байланыс пен ұсыныстардан кейін орталық фильмнің екінші бөлімін түсірді. Туындының режиссері С. Таласов және идея авторы Нұр-Сұлтан қаласы Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Н. Әлмұханов.

Похожие видео

Показать еще