Өркеннің әжесі қылмыскерлерге ең ауыр жаза тағайындалсын деп отыр (15.05.17)
Алматыда айуандықпен өлтірілген 11 жасар Өркен Азаматұлының әжесі қылмыскерлерге ең ауыр жаза тағайындалсын деп отыр. Қарасай аудандық сотында көптің жанын түршіктірген аты шулы іс бойынша жәбірленуші тарап тыңдалды. Алдымен оқиғаның қалай болғанын куәгерлер мен Өркеннің әкесі мен әжесі толығырақ баяндап берді. Сот залынан оралған тілшіміз Жадыра Омаржан тарқатсын.