Есек – көліктің тиімді түрі HD
Қазақстан мұнай өндіруші елдердің бірі болғанымен, халықты жанармаймен қамтамасыз ете алмай отыр. Соның салдарынан елдегі жанармай бағасы күрт қымбаттады. Бірақ бұл да жанармай тапшылығын жойған жоқ. Соңғы бір-екі айдан бері жұрт жаппай тұтынатын Аи-92 маркалы бензині жанармай бекеттерінде бірде бар, бірде жоқ. Бұл жағдай жұрттың жүйкесіне тиіп жатыр. Осы проблемаға назар аударту үшін 8 қараша күні Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Жастар қанаты Алматы-Құлжа тас жолында «Есек – көліктің тиімді түрі» атты акция өткізді. Олар жұртты автокөліктерін тастап, жанармай қажет етпейтін есекарбаларға отыруға шақырды.
Похожие видео
Показать еще