Актер Сағат Жылгелдиевтің соңғы видеосы жарияланды
Жазылып кетіңіздер: Телеграм каналымыз: https://t.me/show_biznes_kz Инстаграм каналымыз: https://www.instagram.com/show_bizneskz/ Танымал қазақ актері Сағат Жылгелдиев 68 жасында бақиға аттанды. Актер өмірінің соңғы сағаттарын көңілді өткізді. Ол той үстінде би билеп, көңіл көтерген. Өнер өкілдері бұл сәттің куәсі болды. Бұл туралы Рахман Омар желіде жазды. “Е,е,е...Жалған дүние-ай… Кім ойлаған?..Той үстінде өзіне тән аңғалдығымен, кең пейіл көңілімен, дархан мінезімен, ортамызда балаша билеп жүрген асыл ағамыздан бір сәтте айырылып қаламыз деп кім ойлаған?!. Жүрегім езіліп отыр… Дел-сал күйдемін...Тірі жанға жаманшылығы жоқ, басқаның қуанышында өз тойында жүргендей жүруші еді. Жасы біраз бізден үлкен болса да, өте ширақ, қимылы көз ілеспейтіндей жылдам еді… Қайран ағам-ау, қайтейін?! Әй, Сағат! деп құрдасымдай ойнаушы ем… Енді кімге еркелеймін?! Орның ойсырайды ғой, көкешім-ау… Көз алдымызда кетіп қалдың-ау... Жаның жәннатта шалқысын, аға-ау...Біз сізді ешқашан ұмытпаймыз. Билеп тұрып жүрегі тоқтап қалды. Қайтар алдында 10 минут бұрын түсірілген видео”, – деп жазды Рахман Омар. “Иманы саламат болсын. Жақсы адам, мықты актер еді”, – деп жазды Асхат Садырбай. “Қазақ өнерінің қара нары, ардақты Сағат ағамыз өмірден өтті. Алла мейіріміне бөлеп, жаныңызды жәннәттық қылғай. Қош бол, асыл аға. Қош бол, актер”, – деп жазды Азамат Сатыбалды. “Иманды болсын”, – деп жазды Мәдина Сәдуақасова. “Иманы саламат болсын”, – деп жазды Мақпал Жүнісова. “Алла мейіріміне бөлесін”, – деп жазды Әзімбек Байлин. “Сағат аға, бақұл болыңыз. Жаны жәннатта болғай! Наурыз айында ғана үйге Қыдыр ата болып келіп, балама батасын беріп кетіп еді”, – деп жазды Асхат Тарғын. Сілтеме: https://stan.kz/toyda-bilep-tyrip-zhuregi-toktap-kaldi-akter-sagat-zhil-364486/ шоу бизнес казахстан, шоу-бизнес, жұлдыздар, qazaqstan, шоу бизнес жулдыз, жулдыздар купиялары, жулдыздар ойбай шоу, мухит сапарбаев, шоу бизнес интрига, новости шоу бизнеса, последние новости шоу бизнеса, новости шоу бизнеса сегодня
Похожие видео
Показать еще