20 - сабақ. Еркін түсу үдеуі. Есептер шығару HD
1.Еркін түскен дененің 6 с-тан кейінгі жылдамдығы (g = 10 м/с2) 2.Дене 20 м/с жылдамдықпен вертикаль тік лақтырылды. Дененің құлау уақыты (g = 10 м/с2) 3.Еркін түскен дене Жермен соғыларды жылдамдығы 30 м/с болса, құлау биіктігі (g = 10 м/с2) 4. Дене тыныштық күйден бірқалыпты үдей қозғалып, қозғалыстың 4 с-да 7 м жол жүріп өтеді. Дене бірінші 10 с-та қанша жол жүреді? 10 с-тың соңында ол қандай жылдамдық алады? 10 с аралығында дене қандай жол жүреді? 5. Пойыз стансыдан 20 см/с2 үдеумен қозғалды. Жылдамдығы 37 км/сағ-қа жеткен соң, әрі қарай 2 мин бірқалыпты қозғалған, содан кейін тежеліп тоқтағанға дейін 100 м жүрген. Пойыздың орташа жылдамдығын табыңдар және жылдамдықтың графигін кескіндеңдер. 6. Биік жардан тас құлайды. 6 с-тан кейін жерге түскен тастың дыбысы естіледі. Дыбыстың ауадағы жылдамдығы 330 м/с болса, жардың биіктігі қандай? 7. Дене 20 м биіктіктен вертикаль төмен қарай, сол биіктіктен еркін құлаған денеден 1 с шапшаңырақ түсу үшін қандай бастапқы жылдамдықпен лақтырылуы керек?