Үмітбек Есен - Байтерегіңді бағала\БейнеМәтін\ HD
VK сайтындағы ән-жинақтар сілтемелері: =========================================== Шәмші әндері сөздерімен - Ән-жинақ https://vk.com/audio?z=audio_playlist492363355_4 Әсет әндері сөздерімен - Ән-жинақ https://vk.com/audio?z=audio_playlist492363355_5 =========================================== Әндердің аттарын басу арқылы әндердің мәтіндерін оқи аласыздар. Іске сәт! =========================================== Сөзі мен әні Иса Омар =========================================== Әкеңнен кемшілік іздеме Қазбалап мінін тізбе де Болса да ептеп «айыбы» Үйде де айтпа, түзде де Әкеңнен көрме кемшілік Ол бәйтерек те, сен шыбық Бейнесін биік үлгі тұт Бойынан ізде кеңшілік Әкеңдей асқар тау қайда Тұлғасы асқақ баурай ма? Әдетте үнсіз ұғысып Іште ыстық сезім лаулай ма? Әкең боп, елмен теңестің Мәселе туса кеңестің Байыпты сөзі дем беріп Басына шықтың белестің Тірліктің бәрін тас қылар Уақыт жоқ онда бас бұрар Көкелеп шықсаң алдынан Көзіне ыстық жас тұнар Алыстамасаң құр босқа Айналар жақын сырласқа Ананың да алар орны бар Әкенің жөні бір басқа Әкеңдей пана болар кім Болса, атын айтшы солардың Ол барда бастан күн өтпес Сезілмес күші боранның Әкеңмен артар айбының Шаттықпен өтер ай-күнің Жаныңда әкең жүргенде Жуымас саған қайғы-мұң Әкеңдей асқар тау қайда Тұлғасы асқақ баурай ма? Әдетте үнсіз ұғысып Іште ыстық сезім лаулай ма? Әкеңмен артар айбының Шаттықпен өтер ай-күнің Жаныңда әкең жүргенде Жуымас саған қайғы-мұң Жуымас саған қайғы-мұң
Похожие видео
Показать еще