ЖЫЛЫОЙДАҒЫ ӘДІСТЕМЕЛІК КҮН HD
5-ші ақпан күні Атыраудағы Елбасы мектебі "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымдарының іс-тәжірибесін тарату аясында, Атырау облысының Жылыой ауданындағы орта білім беру мекемелерінің басшылары мен мектеп директорының орынбасарлары үшін "Назарбаев Зияткерлік мектебі: білім берудің инновациялық моделін ендіру тәжірибесі" тақырыбында әдістемелік күн ұйымдастырды. Әдістемелік күннің бағдарламасына сәйкес тәжірибе тарату алаңы бірнеше секцияларға бөлінді. Ауданның білім беру саласының қызметкерлері: "Оқушы үні: Жаңа форматтағы сабақ қандай болуы керек?", "Жалпыұлттық "Мәңгілік Ел" идеясы аясында тәрбие жұмысын іске асырудың негізгі бағыттары", "Қалыптастырушы бағалау - оқу мен оқыту үдерісінің маңызды факторы" сияқты тақырыптарда тәжірибе алмасты. Сондай-ақ әдістемелік күнде аудандағы орта мектептердің кітапханашылары үшін "Мектеп кітапханасы қызметін жоспарлау" тақырыбында тренингтер ұйымдастырылып, мектеп директоры Айдарбек Төлепұлы жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктеріне тоқталды.
Похожие видео
Показать еще