Маусымның 7-нен бастап жүргізуші куәлігін беру ережелеріне енген жаңашылдықтар өз күшіне енді
Маусымның 7-нен бастап жүргізуші куәлігін беру ережелеріне енген жаңашылдықтар өз күшіне енді. Яғни, жеңіл көлік немесе мотоциклдің рөліне отырғысы келетін адам автомектептерде оқымай-ақ, өз бетінше дайындалып бірден емтихан тапсыра алады. «Дегенмен бұл жаңашылдық автомектептердің түптеп келгенде жабылуына әкеп соғуы мүмкін»,- дейді мамандар.