Адамның жүрегі анатомия бойынша доңыздың жүрегінен айнымайды екен
Адамның жүрегі жаратылысы жағынан ненің жүрегіне қатты ұқсайтынын білесіздер ме?! Айтсам сенбейтін шығарсыздар. Біздің жүрек анатомия бойынша доңыздың жүрегінен айнымайды. Тіпті дамыған елдерде дәрігерлер адамның жүрегінен бұрын доңыздыкіне ота жасап үйренуі керек екен. Енді бұл таңғаларлық тәсіл бізге де жетіпті. Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты аймақтардан келген дәрігерлерге дәл осындай шеберлік-сабағын өткізді.