Жағажай
Жұртпен бірге демалмаққа халықпенен. Барған едім Тобыл жаққа паркке мен. Даңғырлаған орысша өлең тыңдап Кәдімгідей ренжіп, налып келем. Қазақстан десек те алып кеме Өз бағасын алмайды анық бере. Шыға қалсаң тыңдайсың орысша өлең Қостанайда орталық паркте де. Жайлап жатыр айықпас қатер елді. Қазақстан болды бізге жат ел енді. Ал біз жүрміз дұрыстатып өзімізше, Маңдайшада жіберген қателерді. Бізде сонда қандай қауқар, қандай шама. Өз өзімді тастайын деп алдай сала, Жанымызды жұбатқаннан кім ұтады Мәселені шешетін маңдайша ма? Өз елінде өзге ел жасап алып, Жалтақтауға бейімдігі аса халық. Осындай қауқарсыз қоғам әбден Ел алдында еңсемізді басары анық Пікірім емес-ау бұл жеке менің. Демеп едім сонша кері кетер елім. Бара қалсаң бәрінде орысша сөйлеседі Қайсы болсын мемлекеттік мекеменің. Айтқан едім, тағы айтудан жалықпаймын. Дәл қазір қайраңдағы балықтаймын Өз елінде өз тілімді өгей санап Бұл түрімен қазақ болып жарытпаймын. Немен шақтап жатсаң дағы неменені, Елміз деп айту үшін керегелі, "Орыс тілі тең қолдансын" деген сөзді, Ата заңнан алып тастау керек еді. Мақсұт РАЙЫСОВ. 16 қазан 2022 ж. кешкі 21 сағат шамасы