Биржадан баюға бола ма?
Қазақстанда биржа арқылы табыс табуды көздейтіндердің саны көбейіп келеді. Өйткені, бүгінгі таңда биржа кірісі ең жоғары бизнес түрі болып есептеледі. Трейдерлер биржа қорларын кәсібін дамыту мен қаржы қорын ұлғайту мүмкіндігі ретінде қолданады. Соңғы жылдары елімізде қор биржасындағы ойын түрін таныстырып, оңай ақша табудың амал-әдісін үйрететін орталықтар көптеп ашылуда. Десе де, есепке енжар адамның қор биржасынан байып кетуі мүмкін бе? Бұл сұрақтың жауабын тілшіміз Жанар Жолтаева іздеп көрген еді. Бүгінде трейдерлерге арналған дәл осындай онлайн кеңестер ғаламторда қаптап жүр. Әрқайсысы биржа құралына ұтымды инвестиция жасап, жоқтан бар жасауға үйретеді. Таптырмас сәттілік формулаларын білеміз деп білгішсінеді. Қас пен көздің арасында сізді кедейден бай етеміз деп кеудеңізге үміт ұялатады. Тіпті қаржылық сауаттылығыңыз жоқ болса да, бақуат трейдерге айналасыз деп сендіреді. Танымал ресейлік трейдер Дмитрий Черемушкин күні бойы бірнеше мың эмитентті бақылауынан жібермейді. Нарықты зерттеп, қор биржасына әсер етуі мүмкін соңғы жаңалықтарды қарап отырады. Айтуынша, биржалық ойын да кез келген кәсіп сияқты адалдықты талап етеді. Сауда алгоритмін құрастыру мен ұшы-қиыры жоқ бағаналар мен ақцияларды қадағалап отырып, сәтті шешім шығару көрінгеннің қолынан келетін оңай шаруа емес -дейді ол.
Похожие видео
Показать еще