Жан досым. Караоке әні 4 сынып HD

12.10.2021
Жалпы білім беру мектебінің төртінші сыныбына арналған балалар әні. Өлеңін жазған Т.МОЛДАғАЛИЕВ Әнін жазған С.Бәйтереков Жан досым. 1 Іздегенде табылатын қасымнан, Көңілі бар қызғалдақтай ашылған. Көріспесек, сағыныштан жүдейтін, Кім бар жақын бала күнгі досыңнан? Қайырмасы: Жан досым, үстем болсын мерейің, Әрқашан жеңісіңді көрейін. Сырымыз да бітпесін, Жырымыз да бітпесін, Жырымыз да бітпесін. 2 Қос бұтағы секілденіп ағаштың, Қатар тұрып гүлімізді сан аштық. Жол тапсақ біз, бірге жүріп жол таптық, Адассақ та, бірге жүріп адастық. Қайырмасы: Жан досым, үстем болсын мерейің, Әрқашан жеңісіңді көрейін. Сырымыз да бітпесін, Жырымыз да бітпесін, Жырымыз да бітпесін. #балалар_караоке, #қазақша_караоке, #балалар_әндері, #караоке_әні, #жан_досым

Похожие видео

Показать еще