ПЕРЗЕНТХАНА ЗӘРУЛІГІ

14.05.2014
Қызылорда облысы Арал ауданындағы жалғыз перзетхана құлауға шақ тұр. Қырық жалдан бері жөндеу көрмеген ғимарат жылдан-жылға шөгіп барады. Аналар болса, амалдың жоқтығынан әбден тозығы жеткен ғимаратта босануға мәжбүр. Бөлме де тапшы. Бірнеше әйел мен нәресте бір бөлмеде тығылысып жатады. Ал перзентхана қызметкерлері жандарын шүберекке түйіп жүр. Қызылорда облысы Арал ауданындағы жалғыз перзетхана қырық жылдан бері жөндеу көрмеген. Еденіне дейін тозығы жеткен орында, тіпті сәбиді жуындыратын су жоқ дейді нарызылық танытқан әйелдер қауымы. Елімізде ана мен бала мәселесі алдыңғы қатарға шығарылып жатқанда, бүлдіршіннің өмірге келетін мекемесінің назардан тыс қалу алдымен жергілікті билік өкілдеріне сын дейді тұрғындар.

Похожие видео

Показать еще