ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАС ТУРАЛЫ ИСЛАМ ДІНІ НЕ ДЕЙДІ? [Аналар әлемі]

13.01.2019
islam.kz сайтынан алынды: Ислам діні жыныстық қатынас туралы не дейді деген сұраққа жауап аласыздар осы видеода. ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАС: ИСЛАМ БОЙЫНША ҚАТЫНАСТАҒЫ ТЫЙЫМДАР Жыныстық қатынастағы тыйымдар да бар. Енді соған тоқталсақ:  Әйелдің етеккірі кезінде және балалы болған соң қырық күн келетін қаннан арылмайынша жақындаспау. Құран Кәрімде Алла Тағала: «Ей, Мұхаммед, сенен етеккір туралы сұрайды. Оларға: «Етеккір зиянды. Ол мезгілде әйелдеріңнен аулақ болыңдар. Етеккірден арылғанға дейін жақындамаңдар. Пәк болған кезде Алла өздеріңе бұйырған жерінен жақындаңдар», – де. Ақиқатында Алла тәубе етушілерді ұнатады әрі арамнан, нәжістен пәк адамдарды жақсы көреді», (Бақара сүресі, 222-аят) – дейді.  Артқы жолдан жақындаспау. Себебі Құранда Алла Тағала: «Өздеріңе бұйырған жерінен жақындаңдар», – дейді. Пайғамбарымыз: «Әйеліне артқы жолдан жақындағанға Алланың лағнеті жауады», – дейді.  Әйелімен жыныстық қатынаста болған жағдайларды, араларындағы сырды өзгеге айтпау, жаймау. Бұл да – харам. Алла Елшісі: «Ақиқатында, Қиямет күні Алланың алдында аманатқа жасалған ең үлкен қиянаттың бірі - ерлі-зайыптының жыныстық қатынасқа түскеннен кейін араларындағы сырды басқа біреулерге жаюлары», – дейді. Аналар әлемі #жыныстыққатынастуралы #исламнедейді #исламдініжыныстыққатынастуралы

Похожие видео

Показать еще