Қыздық перде дегеніміз не? HD
Қыздар, енді бойжетіп, жігітке ғашық ⠀ бола бастаған кезде «Қыз болып күйеуге шығу керек» деген тиымдарды жиі ести бастаймыз, иə?! ⠀ ⠀ «Қыз болып» деген сөздің астарында ⠀ ҚЫЗДЫҚ перде туралы ой жатыр.☝️ Бүгін сіздерге оның не екенін жəне қандай болатыны туралы ақпарат бергіміз келеді. ⠀ ⠀ ✅#Қыздық_перде – қыздардың төменгі жағындағы қынап пен ішкі жыныс ағзаларын оңашалап тұратын «перде». ⠀ ⠀ Ол қынапқа кіре берісте, яғни одан 1-3см тереңірек орналасады жəне қынапты жауып тұрады. Қыздық перденің құрылысы дəнекер тіннен, қан ⠀ тамырлары мен жүйке талшықтарынан ⠀ тұрады. ⠀ ⠀ Біз көбіміз пердені қыздың пəктігін ⠀ айқындайтын, жабық тұратын, ⠀ құрылымы қатты зат деп ойлаймыз! ⠀ ‼Жоқ, бұл қате пікір! Перденің бірнеше ⠀ тесіктері болады. Өйткені ол ай сайынғы етеккір қанын шығаруы керек. Əрі оның ⠀ құрылымы əр қызда түрліше болады.⠀ ⠀ ҚЫЗДЫҚ_перде - өлшемі, түрі, пішіні, ⠀ қалыңдығына байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Сондықтан оның алынуы да əртүрлі болады. Ол туралы сіздерге ⠀ алдағы уақытта толығырақ айтатын ⠀ боламыз. ⠀ ⠀ ❓Ал, қазір осы тақырыпта сіздер ⠀ кімдермен сөйлесетіндеріңіз туралы ⠀ білгіміз келеді? Мысалы, сізге анаңыз ⠀ #Қыздық перде туралы айтты ма?⠀ ⠀ #qurbymkz⠀
Похожие видео
Показать еще